Қазақстан Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Петропавл қаласындағы Облыстық қан орталығында «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді. Шара Дүниежүзілік донорлар күніне арналды.
Жыл сайын 14 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. Ол қан құюды қажет ететіндердің денсаулығы үшін өз еркімен қан немесе оның компоненттерін беретін және сол арқылы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалатындарға арналған. Мереке Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен бекітілді.
Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, 1868 жылдың дәл осы күні ХХ ғасырдың басында адам қанының топтарға бөлінетінін алғаш рет анықтап, жаңалық ашқан белгілі австриялық дәрігер-иммунолог Карл Ландштейнер дүниеге келді. Дәл осы жаңалық медицинада төңкеріс жасады және көп ұзамай қан құю күнделікті медициналық практикаға айналды. 1930 жылы Ландштейнер Нобель сыйлығына ие болды.
Бұл мерекені партия мүшелері қалай атап өтті? Олар донор болды.
– Бұл іс-шара - донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмектесу мүмкіндігі, - деп атап өтті ҚХП Солтүстік Қазақстан филиалының белсенділері. - Бұл миллиондаған қазақстандықтардың денсаулығы мен игілігіне өз үлесін қосқан барлық донорларға алғыс білдіру мүмкіндігі. Бұл - өтеусіз донорлықты және қанды қауіпсіз құюды жұртшылық пен жастар арасында танымал ету.