Екі күндік іркілістен болған суыққа сену қиын

dep.jpg

Петропавл әуежайы жылы. Бұған дейін терминалда болған қатты суықты инвестор екі күндік техникалық іркілістен деп түсіндірді. Еске сала кетейік, Қазақстан Халық партиясының депутаттары өңірлерге барған кезде 1,2 миллиард бюджеттік теңгеге қайта жаңартылған әуежай ғимаратындағы температураның тым төмендігіне наразы болған еді.

Сол кезде ҚХП депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желілерде ашу-ызаға толы пікір жазып, әуе айлағын басқарушыларды сынға алған болатын. Терминалда жолаушылар үшін қарапайым жайлылық жасалмағанын атап өткен еді.

— Осының бәрі әуежайды тиімсіз басқарудың және адамдарға деген дөрекілік пен сараңдықтың нәтижесі, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты өзінің Facebook-тағы парақшасында.

Кейінірек, ҚХП парламенттік фракциясы Үкіметке сауал жолдап, бұл мәселені қайта көтерді.

— Халықаралық мәртебеге ие терминал суық ангарға ұқсайды, - деді фракция басшысы Магеррам Магеррамов. - Жақында әуежай жеке компанияның басқаруына берілді, осы жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Осыншама мүлікті немқұрайлы меншік иесінен алып, адал басқарушыға беретін уақыт келді емес пе?

Бір апта өтпей-ақ, немқұрайлы меншік иесі келтірілген қолайсыздықтың бәрін аяз және желді ауа райына аударып, ақталуға асықты. Әрине, суыққа тоңған жолаушылардан қарапайым ғана кешірім сұраудың өзі ойына кіріп те шыққан жоқ.

— Бұл жағдай бізге сабақ болды, - деп мәлімдеді инвестордың өкілі Евгений Тюрморезов. - Біз температураны қамтамасыз еттік. Бұған екі күндік уақытша техникалық іркіліс себеп болды. Қазір бәрі дұрыс. Температура қалыпты жағдайда.

Алайда, ҚХП депутаттары басқа әуе жолаушылары сияқты, екі күндік іркіліске сенбейді.

— Онда ылғи да суық, - деп түсініктеме берді Ирина Смирнова. - Себебі клиенттерге бейімделу, жағдай жасау деген атымен жоқ. Жолаушылар мен олардың қажеттіліктері ешкімді алаңдатпайды. Себебі әуежайды алғандар оның проблемаларына алаңдағысы келмейді. Олар тек пайда тапқысы келеді. Бұл да жақсы шығар. Бірақ біреудің пайда тапқаны біреуге зиянын тигізбеу керек қой!

Мәжіліс депутаты депутаттық сыннан кейін қалпына келтірілген температуралық режим терминалда бұдан былай тұрақты болатынына сенім білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy