Қазақстан Халық партиясы «Таза Өлке» экологиялық акциясын жалғастыруда. Өңірлердегі партия филиалдарының өкілдері аумақтарды түрлі қоқыстардан тазалап, жинап, көгалдандыруда. Акция тазалықты қолдауға, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жоюға және табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған.
Атап айтқанда, ҚХП Түркістан облыстық филиалының мүшелері акция аясында «Жеңіс» саябағының аумағын жинап, гүлзарларды арам шөптен тазалап, демалыс аймағын абаттандырды.
ҚХП Абай облысындағы мүшелері Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.
ҚХП Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Келменбет батыр ескерткішінің жанындағы орталық саябақта сенбілік ұйымдастырды. Жұмысқа партияның жастар қанатының жастары белсене қатысты. Белсенділер саябақ аумағын тәртіпке келтіріп, ағаштарды ақтау, шөпті қырқу жұмыстарын жүргізді.
– Акцияның мақсаты - қоғамның экологияға деген көзқарасын өзгерту, - деп атап өтті олар. - Табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаны қорғау біздің мәдениетіміздің бір бөлігіне айналуы тиіс.
Сенбілікке қатысқан жастарға «Арман» инклюзивті театрының спектакліне билеттер табыс етілді. Қазақстан Халық партиясы экологияны таза сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға деген адалдығы мен жауапкершілігін нақты іс жүзінде көрсетіп отыр. «Таза Өлке» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық іс-шаралар өтеді.