Экологиялық тазалық үшін!

dep.jpg

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі электр көлік аккумуляторларын кәдеге жарату технологиялары саласында отандық ғалымдармен ынтымақтасуға дайын. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ведомство өкілдері электромобильдерді пайдалану мәселелеріне қатысты заңнаманы талқылау барысында мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейтжан Үкіметке электрондық эколгиялық қалдықтарды (ЭЭҚ) өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу қажеттігі туралы депутаттық сауал салған болатын. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстарды Торайғыров университетінің (Павлодар қ.) және Д.Серікбаев атындағы университеттің (Өскемен қ.) ғылыми ұжымдары жүргізуде. Мәжілісмен бұл туралы шенеуніктерге еске салып, оларға ЭЭҚ-ды кәдеге жарату мәселелерін ғылыми негізде шешуді ұсынды.

– Сіз осы ұсынысқа нақты жауап бере аласыз ба? - деп сұрады К.Сейтжан.

Экология министрлігінің өкілдері бұл идеяны мақұлдады.

– Біз сіздер ұсынған кандидатураларыңызбен жұмыс істеуге дайынбыз, - деп мәлімдеді олар. - Әлемде мұндай технологиялар аз. Егер бізде осы мәселені шешуге ықпал ететін ғылыми әлеует бар болса, онда біз ынтымақтастық жасайтын боламыз.

Қазір ҚР Парламентінде электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға және экологиялық таза көлікті танымал етуге бағытталған заңнамаға түзетулер енгізу мәселелері талқылануда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy