Қазақстан Халық партиясы Орталық аппаратының қызметкерлері студенттермен, колледж оқушыларымен және жұмысшы жастармен кездесу ұйымдастырды.
Пікірталас өте жемісті болды. Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде креативті бастамалар ұсынды, жаңашыл идеяларын ортаға салып, партия қызметінің әлеуетті бағыттары туралы өз ұсыныстарын енгізді. ҚХП жастар қанатын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар ерекше талқыланды. Жастар еліміздің саяси өміріне жаңа ұрпақты тартуға бағытталған өз жобалары мен жоспарларын жария етті.
– Пікірталас сессиялары маңызды және тиімді, - деп атап өтті «Jas Orta» ҚХП жастар қанатының өкілі Сұлтанбек Құдабай. - Олар жастардың пікірін тыңдауға мүмкіндік береді, біздің стратегиялық шешімдерімізді толықтыруға көмектеседі және кез келген жағдайға жаңа ұрпақ тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.