Мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істуі қажет және оның жұмысы нәтижеге бағытталған болуы керек. Бұл бағдар Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та осыны баса айтты.
Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, шенеуніктер нәтижелі жұмыс істеу үшін, ең алдымен, сауатты болуы керек.
– Мемлекет басшысы алға қойылған міндетті шешу үшін басқару шешімдерін әзірлеу және қабылдау тәртібіне елеулі өзгерістер енгізу қажет екенін айтты. Бұл шешімдер жан-жақты ойластырылған, батыл, ұтқыр және қайта сақтандыру шарттарынан бос болуы керек, – деді депутат.
Шешім қабылдауда батылдық, өте қажет, өйткені «Жаңа Қазақстанның» қарсыластары кез келген әдісті қолданудан тайсалмайды. Мемлекет басшысы өз сөзінде елге, қоғамға қарсы бағытталған жалған ақпарат пен БАҚ-тағы үгіт-насихаттардың жиілеп бара жатқанына да тоқталды.
– Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – Конституцияда бекітілген республика қызметінің негізгі қағидаттары. Сөз және пікір білдіру бостандығы, түрлі тақырыптар мен мәселелер бойынша ашық пікірталастар мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне, жеке адамның құқықтарына және т. б. зиян келтірмеуге тиіс, – деді Магерамов.
Депутат елді жаңарту процестері ақылға қонымды қоғамдық тәртіпті және әлеуметтік, құқықтық және моральдық жауапкершіліктің міндетті талаптарын көздейді деп санайды.