Қазақстан Халық партиясы өзінің 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды аяқтауда. Өңірлік бөлімшелерде партияның осы күнге дейінгі атқарған жұмыстары қорытындыланып, болашаққа деген жоспарлар талқыланып жатыр.
ҚХП Алматы қалалық филиалының өкілдері «Халықпен бірге 20 жыл!»акциясы аясында шарасын өткізді. Сөз сөйлеу барысында филиалдың, сондай-ақ депутаттық фракция мен партияның медиа-студиясының жұмысы туралы толық баяндама жасалды. Жиын соңы партияның жаңа мүшелеріне билеттерді табыстау салтанатымен аяқталды.
ҚХП Алматы облысының партия мүшелері де есеп беру жиынын өткізіп, филиалдың қызметі туралы есеп беріп, партиялық бағдарламаны халық арасында одан әрі насихаттау жоспарларымен бөлісті. Жиналысқа белсенділер, ҚХП Алматы ОФ әйелдер қанатының өкілдері, мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.
Акцияны ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының мүшелері аяқтады. Баяндамалар мен есеп беруден кейін салтанатты түрде аймақтық белсенділер партияның дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.