Жастар – ел ертеңі. Осы ретте ҚХП-ның жас мүшелері атом электр станциясы арқылы озық елдердің қатарына енетінімізді түсіне отырып, АЭС құрылысы бойынша үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысуда.
ҚХП Ақмола облыстық филиалының жастар қанаты елімізде атом электр стансасының салынуын қолдайтынын жеткізді.
«Біз Қазақстан үшін атом электр станцияларының стратегиялық тұрғыда өте қажет екенін түсінеміз және бұл шешім өңіріміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімдіміз», - дейді ҚХП партиясының жас мүшелері.
Олар өз сөзін іспен дәлелдеп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене ат салысуда. Атап айтқанда, ақпараттық материалдарды тарату, плакаттар ілу, «есіктен есікке» акциясын өткізу сияқты жұмыстар арқылы, өз үлестерін қосып жатыр.
– Жарқын болашаққа бірге қадам басып, еліміздің өркендеуі мен игілігіне үлес қосатын бастамаларға қолдау көрсетейік! Баршаңызды 6 қазанда өтетін республикалық референдумда күтеміз!, - деп жас агитаторлар азаматтарды алдағы референдумға шықырды.