Жетісу облыстық Халықтық штабының мүшесі Олжас Ибраимов үгіт-насихат науқанына белсенді қатысып келеді. Соңғы күндері ол Ескелді орталық ауруханасының қызметкерлерімен, Қаратал ауылының тұрғындарымен, Текелі қаласының тұрғындарымен және спортшыларымен кездесулер өткізді.
Халықтық штабтың өкілі қатысушыларға АЭС елдегі электр энергиясы тапшылығын шешіп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге себеп болатынын түсіндірді.
Сонымен қатар ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды жойып, көмірмен жағатын электр станцияларына тәуелділікті азайтатын атом энергетикасының экологиялық артықшылықтарына тоқталды. Одан бөлек осы жоба аясында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды жақсарту перспективалары талқыланды.
– Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстан энергия тапшылығы туындайды. Ол жалпы сұраныстың 50 пайызын құрауы мүмкін. Көмір жағатын электр станциялары тиімсіз, себебі, бір ЖЭС жылына 8 мың тонна көмір пайдаланады, ал көмір жаңартылмайтын ресурс қатарына жатады. Сонымен қатар, көмір мен газды жағу кезінде атмосфераға орасан зор мөлшерде көмірқышқыл газы және басқа да зиянды заттар бөлініп, қоршаған ортаға қауіп төндіреді, - деп нақтылап өтті спикер.
Кездесу соңында Олжас Ибраимов 6 қазанда республикалық референдум өтетінін, оған еліміздің әрбір азаматы қатысып, дауыс беруге міндетті екенін және АЭС жобасының жүзеге асуы, сондай-ақ елдің экономикалық келешегі дауыс беру нәтижесіне тікелей байланысты екенін еске салды.