Электронды денсаулық сақтау жүйесі қашан іске қосылады?

dep.jpg

Қзақстандықтарға арналған Бірыңғай электрондық денсаулық сақтау жүйесін құру уәде етілген еді, бірақ оны енгізу мерзімі бірнеше жылдан бері үнемі кейінге шегеріліп келеді. Оның үстіне бұған ешкім жауапты емес, ал ведомстволар бір-біріне сілтейді.

Бұл туралы МӘМС мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова айтты.

«Жалпы, инновациялық жүйенің бөлшектену проблемалары жалған есептердің қалыптасуына және медициналық қызметтердің шамадан тыс тұтынылуына ықпал етті. Сондай-ақ пациенттерді олардың түрлі клиникаларға олардың хабарынсыз қайта тіркеу бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттері және т.б. мәселелер туындайды», - деп атап өтті Смирнова.

Мәжіліс депутаты Үкіметтен жоғарыда аталған мәселені реттеу үшін қандай шаралар қабылдағанын, жүйе қашан түпкілікті іске қосылатынын және цифрландыру процестерінің аяқталмағаны үшін кім жауапты екенін түсіндіруді сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жүйенің құрылуына аз ғана уақыт қалғанын және биылғы жылы пилоттық жобалар іске қосылатынын айтып, тағы уәде берді. Бірақ оның неліктен жүзеге аспағаны үшін жауап беретін ешкім жоқ.

«Екі ай бұрын біз Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзырынан қайтардық. Бұл мәселе жетекшілік ететін вице-премьердің бақылауында, біз апта сайын жағдайды баяндап отырамыз. Ал жүйе іске қосылғаннан кейін оның неге кешіктірілгенін және оған кім кінәлі екенін анықтаймыз деп ойлаймын», - деп жауап берді ДСМ өкілі.

Цифрлық даму министрлігі өз тарапынан жұмыс жүргізіліп жатқанын, яғни, деректер қорына кросс-талдау жүргізіліп, осылайша көрсетілмеген қызметтерді тіркеу, тегін дәрі-дәрмекпен қамту тізімінде қайтыс болған адамдардың да болғаны және басқа да заң бұзушылықтар анықталғанын айтты. Олар да жүйенің уақытылы іске қосылмауына кім кінәлі екенін нақтыламады.

«Бұл жерде айта кететін жайт, жүйенің иесі – мемлекеттік орган және оның осы мәселемен толықтай айналысатын цифрландыру жөніндегі операторы бар. Бұл біздің құзыретімізге жатпайды», - деп жоққа шығарды Цифрлық даму министрлігінің өкілі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy