ҚХП Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ жетекшісі Бибігүл Сұлтановамен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында Бибіүл Сұлтанова партия мүшелерін еліміздегі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 2015 жылдан бастап енгізілген жаңалықтармен және өзгерістермен таныстырды. Ол алдағы уақытта зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері көбейетінін атап өтті.
«Қостанай облысында жыл сайынғы өсім 195 мыңға жуық зейнетақы және әлеуметтік төлемдер алушыға әсер етеді. Оның ішінде 136 мыңнан астам адам зейнеткер», - деп нақтылады Сұлтанова.