Еңбектің жемісі

Қазақстан Халық партиясының депутаттары халықпен кездесу үшін өңірлерге аттанды. Олар кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің еңбек ұжымдарымен, ҮЕҰ және басқа да ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдайды.

Мұндай сапар парламентарийлер мен сайлаушылар арасында кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Шымкент қаласына жасаған сапарында ҚХП депутаты Ислам Сұңқар партияластарымен, Шымкент қалалық филиалының белсенділерімен кездесті. Олар еркін форматта өткен жұмыс жиналысында қазақстандықтар үшін өзекті саналатын бірқатар мәселелерді талқылады.

Жиналыста мектептегі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы реформалар, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен сапасы және медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар әскер мен әскери қызметтің беделін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру және әлеуметтік осал топтағы отбасыларды қолдау тетіктері бойынша нақты ұсыныс айтылды. Қала тұрғындарын алаңдататын мәселелер, негізінен коммуналдық қызмет көрсету жайы да назардан тыс қалмады.

1

Кездесу соңында филиалдың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

– Бұл – біздің белсенділеріміздің еңбегіне көрсетілген құрмет, – деп түйіндеді Ислам Сұңқар. – Жалпы алғанда, кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті, пікір алмасу мен ашық диалогты нығайтатын маңызды алаңға айналды.

2

3

Бұдан кейін Парламент Мәжілісі Аграрлық комитетінің мүшесі болып табылатын депутат Шымкент қаласында орналасқан еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің біріне барды.

– Аталған кешен жылына 155 мың тонна қызанақ өндіруге есептелген, – деді Сұңқар. – Бұл отандық агроөнеркәсіп саласының әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар жоба.

Мейманға өндірістік үдерістер, қолданылатын технологиялар және кешеннің инфрақұрылымы таныстырылды. «Alsera KZ» инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясында мұнда халықаралық стандартқа сай заманауи зертханамен жабдықталған арнайы Агроакадемиялық орталық салу жоспарланған.

– Бұл Орталық аграрлық салаға білікті кадр даярлауға, жаңа технологияларды меңгеруге және ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді кешен қызметкерлері. – Ол ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығын азайтып қана қоймай, жас мамандардың практикалық білімін арттыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін күшейтуге оң әсер етеді.

4

«Alsera KZ» ауқымды инвестициялық жобасын толық іске асыру ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның экспорттық мүмкіндігін арттырады.

– Бұл жоба республиканың АӨК-ін жаңғыртуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ең ірі бастамалардың бірі, – деп түйіндеді кездесуге қатысушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy