Енді биік ғимараттардың құрылысына қойылатын талаптар күшейеді

dep.jpg

Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер негізінде енді Төтенше жағдайлар министрлігі құрылыс процестеріне де қатысатын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.

Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғаныс саласында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын күшейтуді тапсырғанын атап өтті.

«Соңғы жылдары адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биік ғимараттарды өрт нормаларын сақтамай салу жағдайлары жиілеп кетті, кейін оның салдары өрттердің орын алуы мен адам өліміне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты министрлікке биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру өкілеттігі беріледі», - деді министр.

Сонымен қатар заңда Хан Шатыр, ЭКСПО сияқты құрылысы ерекше объектілерге қатысты арнайы техникалық шарттарды келісу нормасы енгізіліп жатыр.

ҚХП парламенттік фракциясының мүшелері осындай нормаларды отандық заңнамаға енгізу қажет екенін айтқан болатын. Бұған дейін Құрылыс кодексінде аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының жай-күйі бойынша жоспарлы тексеру мүмкіндігі енгізілген юолатын. Нақтырақ айтсақ, МСҚБ және ТЖМ органдары салынған объектілерді қабылдап алуға қатысуға мүмкіндік алды. Алайда, сол кезде ҚХП депутаттары құжатты әзірлеуші ұсынған қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз деп мәлімдеген еді.

«Бізге өрт қауіпсіздігінің нақты стандарттары қажет. Біздің фракция бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде, сондай-ақ адамдар жаппай баратын ғимараттарды іске қосу кезінде міндетті түрде қатысу қажеттігін мәлімдеді», - деді Магеррамов.

Қазір бұл стандарттар азаматтық қорғаныс заңнамасына енгізілген.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy