Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық диспансер ұжымымен атом электр станциясы мен референдумды талқылау мақсатында өткен кездесу белсенді әрі нәтижелі өтті. 60 адамнан тұратын аудитория М.Нұркеевтің атом электр станциясына қатысты барлық ақпараттық қамтыған баяндамасын зор ықыласпен тыңдады.
Кездесу барысында Қазақстандағы АЭС құрылысы мен алдағы референдумға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларды жобаның ықтимал салдары мен экологиялық қауіпсіздігі туралы сұрақтар қызықтырды.
- Қазіргі атом электр станцияларында III және III+ буынды реакторлар қолданылады. Бұл реакторлар табиғи апаттарға және техногендік әсерлерге төтеп бере алатын көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Мұның бәрі Чернобыль, Фукусима сияқты апаттардың қайталанбауы үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар, атом электр станцияларының барлық жұмысы мен қауіпсіздігі МАГАТЭ сарапшыларының назарында болады, - деп нақтылады спикер.
Отырысты қорытындылай келе, штаб өкілдері жақын арада өтетін референдумда дауыс берудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Халық қабылдаған шешім еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болмақ.