Қазақстан Халық партиясы тағы да мүгедек балалардың ата-аналары мен қамқоршыларын гранттық өтеуден босату мәселесін көтерді.
Бұған дейін, яғни өткен шақырылымда ҚХП Үкіметке мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды және мүгедек адамдардың қамқоршыларын гранттық өтеуден босатылатын адамдар санатына қосу туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.
– Мәселенің мәні мынада: мүгедектігі бар балалардың ата-аналары көбінесе балаларының ауыруына байланысты гранттық тәжірибеден өте алмайды, – деді ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов. – Өйткені мұндай балалар үнемі күтімді қажет етеді. Ата-аналардың арасында мүгедектігі бар баланы жалғыз тәрбиелейтіндер көп. Гранттарды өтемеген ата-аналарға миллиондаған көлемде төлем төлетеді.
Премьер-министрдің орынбасары А.Көлгінов болған кезде Үкімет мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған немесе мүгедектердің қамқоршысы болып табылатын жас мамандарды гранттық жұмыстан босату Қазақстанның қазіргі мемлекеттік саясатына сай келетінін алға тартты. Іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ.
– Шын мәнінде Үкіметтің мүгедектер мен олардың отбасына немкеттілікпен әзірлеген көмек көрсету және қорғау тетігі жұмыс істемейді, – деді депутат. – Үкіметтің әрекетсіздігі мен ел азаматтарының тағдырына деген ұстанымы жаныңды қариды.
Қазақстан Халық партиясы фракциясы шұғыл түрде құқықтық нормативтік актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізіп, жәрдемақы төлеуден босатылған адамдарды, мүгедек балалардың ата-аналары мен мүгедектердің қамқоршыларын қосып, мәселені шешуді талап етеді.