Сайлаушылармен кездесу мақсатындағы жұмыс сапары барысында ҚХП депутаты Ирина Смирнова Алматы қаласындағы «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорында кездесу өткізді. Шараға ҚХП Алматы қалалық филиалының белсенділері, сондай-ақ «Кеңес» ҚБ және «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының өкілдері қатысты.
Инклюзивті бағдарламалар орталығының негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға әлеуметтендіру үлгілерін әзірлеу. Жоба нормотиптік балалар мен дамуында физикалық және психикалық ерекшеліктері бар балалардың өзара әрекеттесуіне негізделген.
Қонақтарға Орталықтың жұмысы, көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ коммуникативті дағдыларды, әлеуметтік өзара әрекеттесу, өзін-өзі бақылау, мінез-құлық, өзін-өзі күту, тамақтану және т.б. жақсарту үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар таныстырылды.
«Орталықта балалар күн сайын жоспарланған құрылымдық сабақтарға қатысады. Ол жеке араласу бағдарламасы жоспарланған мақсаттарға негізделген», - деп атап өтті орталық мамандары.
Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға да көмек пен қолдау көрсетеді. Мұнда мұндай ата-аналар оқудан және арнайы дайындықтан өте алады, сондай-ақ «ерекше» баланы дамыту үшін қажетті ресурстарды ала алады.