Ерекше қабылдау

Сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов ҚХП Павлодар облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Мәжіліс депутатымен кездесуге келген негізгі аудитория мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары болды. ҚХП фракциясы осы саладағы шешілмей жүрген кейбір мәселелерді депутаттық сауалдарында айтқан болатын.

Осылайша, 18 жасқа толған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру тақырыбы бұрынғысынша өзекті болып қалуда. Шенеуніктер, неге екені белгісіз, адам кәмелет жасына толғанмен, ауыр аурудан айығып кетпейтінін түсінбейді. Ересек мүгедектігі бар адамға (МБА) құжаттарды қайта ресімдеу бірнеше айға созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында ерекше мұқтаждығы бар азаматтың отбасы жәрдемақы алмайды. Алайда, әрекетке қабілетсіздікті анықтау да ұзақ, күрделі және әрдайым объективті емес процесс. Атап айтқанда, «iшiнара әрекет қабiлеттiлiк» ұғымы ( бұл да мүмкiн) да түсініксіз. Ал бізде, негізінен, МБА-ды әрекетке қабiлеттi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танитын түрі жоқ.

1

Егер МБА үшін әлеуметтік төлемдер аз және сирек көтерілсе, онда азық-түлік, тауарлар мен қызметтердің бағасы бізде барлық жерде өсуде. Коммуналдық тарифтер де артта қалмайды. МБА-ны қамқорлығына алған әлеуметтік осал отбасыларға «коммуналдық төлемдерге» 30-40% жеңілдік жасауға мүмкіндік беретін арнайы жеңілдіктер көмектесе алар еді. Ерекше балалар үшін оңалту және спорттық демалыс мәселелері де ашық күйінде қалып отыр. Қолжетімді спорт залдар мен алаңдар жетіспейді, жалақысы төмен мұндай жұмысқа маман-жаттықтырушылардың да барғысы келмейді, соның нәтижесінде маман жетіспейді.

– Кейбір мәселелер бойынша тікелей жеке қабылдауда түсініктеме беруге тырыстық, - деп атап өтті кездесулер қорытындысы бойынша Магеррам Магеррамов. - Басқа да күрделі «созылмалы» проблемалар бойынша фракция заң жобаларына түзетулер енгізу үшін өз бастамаларын жібереді.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты келушілерге ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары үшін әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделіп, жалақы алу мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ол ҚХП-ның елімізде мемлекеттік алименттік қор құру туралы ұсынысы жайлы айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy