Таня Савичеваның күнделігі мен Жамбыл Жабаевтың өлеңдері... Ленинград блокадасының бұзылғанына 81 жыл толуына орай Қазақстан Халық партиясы «Ұлы Жеңіске тағзым!» акциясының екінші кезеңін бастады. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі аясында ұйымдастырылуда.
ҚХП Қызылорда облыстық филиалы жастарға арнап ленинградтықтардың ерлігі туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті. Жас буын өкілдеріне деректі фильмдер көрсетіліп, қала қоршауындағы қиындыққа толы 900 күн мен блокаданы бұзып өткен кеңес әскерлерінің ерлігі туралы айтылды. Ленинград қаласы мен Ленинград облысындағы елді мекендерді азат ету шайқасына қазақ әскери бөлімдері, атап айтқанда 316 және 314 дивизиялар қатысқан.
«Осындай қиын-қыстау күндерде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім...» өлеңін жазды. Сонымен, ақынның бұл сөздері қала тұрғындарының ерлігін жырлағандай болды», - деп атап өтті партиялықтар.
Өкінішке қарай, музей қызметкері Балнұр Көшеней атап өткендей, жанқияр ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлердің, осы ерліктің куәгерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп келеді.
«Алайда олардың ерлігі бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталады», - деп атап өтті ол.
Республиканың барлық аймағында Ленинградтың азат етілген күніне арналған шаралар өтуде. ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалы Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне тақырыптық патриоттық сағат ұйымдастырды. ҚХП Ақмола филиалы әскери-техникалық училищенің студенттеріне, ал партияның Абай облыстық филиалы Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының оқушыларына арнап патриоттық сағат өткізді.