9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан Халық партиясының өкілдері Астанадағы қазақстандық жауынгерлер монументіне гүл шоқтарын қойды.
ҚХП Астана қалалық филиалының басшысы Нұрдәулет Оразханов атап өткендей, бұл салтанатты рәсім партияның дәстүріне айналған.

– Осылайша біз қан майданда ел үшін қаза болған батырларымызды еске аламыз, - деп атап өтті ол. – Бұл шара ерліктің мәңгілік екенінің айқын дәлелі. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

Сондай-ақ, салтанатты шараға дәстүрлі түрде ҚХП жастар қанатының өкілдері қатысады.
– Бұл өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі, - деді Н.Оразханов. - Қазір біз ортақ тарихымызды бұрмалап, қайта жазып шығуға жасалып жатқан әрекеттерді жиі көріп жүрміз. Олай болмауы керек! Жастар ата-бабаларымыздың ерлігі туралы білуі тиіс!

Партия мүшелері Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
@halyk_partiyasy