Ермұхамет Ертісбаев: «ҚХР – әлемнің өнеркәсіптік шеберханасы!»

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясындағы іс-шараларға қатысты. Айта кету керек, ҚХП қытайлық тарап шақырған жалғыз қазақстандық саяси партия болды. Форумның ашылу салтанатында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин атап өткендей, «Бір белдеу және бір жол» бастамасының мерейтойлық 10 жылы халықаралық экономикалық өзара іс-қимыл жолындағы маңызды кезеңге айналды. Осы уақыт ішінде халықаралық ынтымақтастық аясында елдер темір жолдарға, автожолдарға, әуе және теңіз порттарына, құбырларға және т.б. сүйене отырып, көлік және ақпараттық дәліздерден тұратын жаһандық логистикалық желіні қалыптастыра алды. 150-ден астам мемлекет пен 30 халықаралық ұйым ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Бұл бастаманың географиялық қамтылуы Еуразияны бойлап Африка мен Латын Америкасына дейін созылып жатыр, - деп атап өтті ҚХР басшысы.

Дәл осы «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы бастама алғаш рет Қазақстанда айтылған болатын. Си Цзиньпиннің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жақында өткен кездесуінде екі елдің өкілдері өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, соның ішінде транскаспий халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндіктерін де талқылады.

Осының алдындағы ІІ форум аясында Си Цзиньпин ҚХР-ның «Жібек жолы» ҮЕҰ ынтымақтастық желісін құрғанын жариялады. Бүгінгі таңда Желіге 72 ел мен аймақтан 352 ұйым қосылды, 500-ден астам іс-шаралар өтті, бұл Желіні маңызды серіктестік платформаға айналдырды. «Жібек жолы» ҮЕҰ ынтымақтастық желісінің ІІІ форумы 2023 жылғы 19-21 қазанда Чжэнчжоу қаласында өткізілді.

Форумның жабылу салтанатында сөз сөйлеген ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мемлекеттіліктің ерекшелігіне, қытай өркениетінің мәдениеті мен дамуының бірегейлігіне айрықша назар аударды.

  • Бүгінде бүкіл әлем бір жарым миллиард қытай халқының өміріндегі қарқынды өзгерістерді байқап, таңданып отыр, - деп мәлімдеді ҚХП басшысы.

Осы тұста партия төрағасы Қазақстан Халық партиясының социалистік жүйенің өмір сүру мен дамудың рухани негізі ретінде мәдениеттен нәр алатын қытайлық ерекшелігін зерттеуге айрықша мән беретінін атап өтті.

  • Біздің партияның бағдарламасы социализм идеясына негізделген, бізге де социализм қажет. Тек қазақша ерекшелігімен, - деп мәлімдеді ҚХП төрағасы. – Қоғамды әлеуметтік теңсіздікке ұрындырып, халықты кедейшіліктен бас көтертпей, жүйенің бәрін жаппай жемқорлық жайлаған мемлекеттік-олигархиялық капитализмнің орнына социализм қайта жандануы тиіс. Социализмге балама жоқ!

  • Е.Ертісбаев қытайлық тауарлардың ТМД, Еуропа және Таяу Шығыс нарықтарына шығуын қамтамасыз ететін барлық транзиттік құрлықтағы бағыттар Қазақстан арқылы өтетінін еске салып, біздің еліміз өз мүмкіндігін тиімді пайдаланатынына сенім білдірді. Осылайша, ҚХП басшысының айтуынша, Батыс Қазақстан облысында, Еуропа мен Азияның қиылысында «Екінші Қорғас» құрылысын салу мәселесі сұранып тұр.

  • Біздің мемлекеттеріміз бірлесіп жұмыс істей алатын үш маңызды бағыт бар, ол - логистика, ресурстар мен құзыреттер! - деп түсіндірді Қазақстан Халық партиясының төрағасы. - Мәселен, біз «Құрлық порттарының» немесе бүкіл Еуразиялық кеңістік үшін мультимодальды логистикалық хабтардың құрылысын қолға ала аламыз.

ҚХП басшысы Хэнань провинциясының және атап айтқанда, Чжэнчжоу қаласының ҚХР логистикалық инфрақұрылымындағы байланыстырушы рөлін жоғары бағалады.

  • Мен Қазақстанда дәл осындай «қазақ Хэнаньның» пайда болуын армандаймын, - деп ұсынды ол. - Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін орасан зор жобаларды жүзеге асырайық, тиімді ынтымақтастықты жалғастырайық!

    ҚХП төрағасы ҚХР-да болған сапарында ҚКП ОК халықаралық бөлімінің Еуразия жөніндегі басқармасының директоры Ван-Минь ханыммен кездесті. Пекиндегі Чжунгуаньцунь инновациялық ғылыми-технологиялық паркінде, сондай-ақ бірқатар кәсіпорындарда және Чжэнчжоу логистикалық орталығында болды.

  • Қытайлық достарымызға табыс тілеп, алғыс айтамыз, - деп мәлімдеді Ермұхамет Ертісбаев сапар қорытындысы бойынша. Ол Қазақстан мен ҚХР арасында көліктік өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге шақырды. - Біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек, өйткені әлемнің өнеркәсіптік шеберханасы - Қытай Халық Республикасы Еуропа, Орта және Таяу Шығыс және бүкіл Еуразиялық кеңістік халықтарына қажетті көптеген тауарларды шығарады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy