Есеп айырысу қоры

dep.jpg

ҚР Үкіметі республикада Мемлекеттік Алименттік қор құру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл бастаманы кезінде Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы ұсынған болатын. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова хабарлағандай, аталған мәселені ҚР Әділет министрлігі зерттеуде.

Вице-министрдің айтуынша, қазір мәселені жан-жақты зерттеу жүргізілуде.

– Дәл қазір әкелердің жауапсыздығына байланысты қанша әйел алимент алмайды және қанша әйел алимент мөлшері жеткіліксіз деп есептейді, сондай-ақ, әкесінің жұмыссыз қалуына байланысты кімге алимент төлеу тоқтатылды, осының бәрі саналып жатыр - деді Тамара Дүйсенова.

Әзірге барлық мұқтаж жандарға толық жету үшін және ақшаның үш айда бітіп қалмауы үшін болжамды қорға қанша қаражат салынуы керектігі есептеліп жатыр.

– Әділет министрлігінің есебін күтіп, шешім қабылдайық, - деп түйіндеді вице-министр.

Бұған дейін, ҚХП парламенттік фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Қазақстанда алимент берешегі миллиардтармен есептелетінін бірнеше рет айтқан болатын. Бұл ретте мемлекет тастанды балалардың құқықтарын қорғаудың орнына ешқандай әрекет етпей отыр. Жалғызілікті аналар алимент үшін өздері ғана күреседі, ал ешқандай жаза қолданбайтынын сезетін жауапсыз әкелер тек қарыздарын көбейтуден басқа ештеңе істемейді.

– 2022 жылы алимент бойынша берешек сомасы естіген адам нанғысыз 13 793 780 739 теңгеге жетті, - деп хабарлады мәжілісмен. - Алайда бір жыл ішінде ол 20 796 615 823 теңгеге дейін өсті. 2024 жылдың басындағы жағдайға тоқталсақ, алимент өндіріп алу бойынша сегіз мыңнан астам сот шешімі орындалмай отыр.

ҚХП фракциясы жауапсыз әкелердің арқасында кедейшілікте өсуге мәжбүр балалардың мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты шараларды ұсынды. Атап айтқанда, бюджеттен тыс түсiмдерден қалыптасатын Мемлекеттiк Алименттiк қор құрылсын, ал жүргiзiлетiн төлемдердi мемлекетке өтеу осы сомаларды төлемей жүргендерден өндiрiп алу жолымен жүзеге асырылатын болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy