Фракция белсенділігі көрінді!

dep.jpg

«Spik.kz» ақпараттық-талдау агенттігі Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының өткен сессиядағы белсенді жұмысын атап өтті. («Депутаттардың сауалдары: көшбасшылар - «Ақ жол» және ҚХП, аутсайдерлер арасында – «Аманат» деген бапты қараңыз»..

Басылымның сарапшылары белгілі бір саяси бірлестіктердің өкілдері болып табылатын депутаттардың, сондай-ақ өздерін тәуелсіз деп таныстыратын халық қалаулыларының қаншалықты белсенді болғанын талдауға шешім қабылдаған. Бағалау үшін тек математикалық өлшемшарттар таңдалған.

«... Мәжілісмендердің заң жобаларымен жұмыс істеу және халыққа шығу тұрғысынан белсенділік деңгейін өлшеу және тиісінше бағалау қиын, - деп нақтылады басылым. - Ал олардың республикалық мемлекеттік органдар басшыларына жасаған өтініштеріне келсек, мұнда егжей-тегжейлі статистика жүргізіледі... "

Авторлар атап өткендей, әңгіме депутаттың немесе оның партия бірлестігінің белсенділік дәрежесін анықтау туралы болып отыр, сондықтан олар тек сандық көрсеткіштермен ғана шектелуге шешім қабылдаған. Сонымен, сандарға сенетін болсақ, бір мандатты депутаттар өздерін жақсы көрсете білді, 29 депутатқа 283 сауалдан келген, яғни, егер бөліп қарайтын болсақ, бір депутатқа 8,2 сауалдан келіп тұр. Сан жағынан басым болғанына қарамастан, бұл жерде «Аманат» та аутсайдер болып шықты, барлығы 541 сауал жолданған, бұл 40 депутаттың әрқайсысына орта есеппен 6 сауалдан келіп тұр деген сөз.

Сарапшылар ҚХП фракциясын көшбасшылар қатарында атады. Депутаттық сауалдардың саны бойынша Қазақстан Халық партиясы тек «Ақ жолдан» (бір «ақжолшыға» 19,8 сауалдан) ғана артта қалып, екінші орынды иеленді. ҚХП фракциясының депутаттық өтініштерінің орташа көрсеткіші бір депутатқа шаққанда 14,4 болды. Фракция сауалдарының жалпы саны - 73 өтініш.

"... Әсіресе Мәжіліс ардагерлері, Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова ерекшеленеді, олар үшін қазіргі шақырылым үшінші болып отыр, - делінген басылымда. - Олардың есебінде тиісінше 25 және 15 депутаттық сауал бар... "

Бұған дейін «Spik.kz» сарапшылары, сондай-ақ, «ескі партиялар» құрамына кіретін ҚХП мен «Ақжол» өздерін айқын көрсеткенін атап өткен болатын. Саяси кеңесші, саясаттану бойынша Phd Дина Айкенова өз түсініктемесінде осы екі партия өкілдерінің «жоғары белсенділігін» атап өткен жөн деп мәлімдеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy