"Ғани Қалиевті есте қалдыру үшін"

dep.jpg

12 наурыз күні, 86 жасқа қараған шағында белгілі қазақстандық ғалым, саясаткер және қоғам қайраткері Ғани Әлімұлы Қалиев қайтыс болды. Қаралы қазаға байланысты Қазақстан Халық партиясының ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ғани Әлімұлының бүкіл еңбек өмірбаяны туған жерімен тығыз байланысты болды, ол оны ғалым ретінде зерттеді, оған өзінің ғылыми еңбектерін арнады, оны жомарт әрі құнарлы етуге ұмтылды. Ол өз Отанын, Тәуелсіз Қазақстанды шексіз сүюдің үлгісін көрсетіп, елінің ілгерілеуі мен дамуына көп күш салды.

Ел экономикасы шатқаяқтап тұрған сонау 90-шы жылдары Ғани Қалиев Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясын және Қазақстанның «ҚазАгро» ұлттық фермерлер федерациясын басқарды. Ол ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, содан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты бола отырып, жас республиканың заңнамасын жасаушылардың бірі болды. Ол «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының басында тұрып, қазақстандық фермерлер мен шаруалардың мүддесін қорғады.

Аяулы академиктен жас ұрпаққа 300-ден астам ғылыми жұмыс мұра болып қалды. Қазақстан халқының игілігі жолында таланты мен қабілетін аянбай еңбек еткен ардақты азаматтың бейнесі оны танитындардың жүрегінде мәңгі сақталады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy