Құрметті Гаухар Шаймерденқызы!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, парламенттік фракция мүшесі ретінде түрлі қиындықтарға қарамастан, өз көзқарасыңызды табанды қорғап, мақсатқа жету жолындағы еңбекқорлық пен принципшілдіктің озық үлгісін көрсетіп келесіз. Партияның саяси ұстанымы мен бағыт-бағдарының жүзеге асуына қосып келе жатқан үлесіңіз де өлшеусіз.
Осындай шаттыққа толы ерекше күні деніңізге саулық, шаңырағыңызға береке-байлық, жүрегіңізге мәңгі жастық жалын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Құрметпен, Қазақстан Халық партиясының ұжымы