Газеттің орнын ғаламтор баса ма?

ҚХП Қарағанды облыстық филиалы баспа БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып, «Баспасөз БАҚ: проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қарағанды қаласы әкімдігінің, қалалық департаменттердің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, азаматтық белсенділер және т. б. қатысты.

Қатысушылар газет-журналдардың қоғам өміріндегі рөлі маңызды атап өтті. Баспа басылымдары еліміздің тыныс-тіршілігін айқын сипаттап қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін мәдениет, тарих, ғылым және қоғамдық өмір туралы ақпаратты барынша қолжетімді түрде сақтайды.

1

«Өзге елдердегі жағдай қалай?» деген сауалды зерделей келе, алыс-жақын көршілеріміздің көбі газетті жастар үшін тәрбиелік мәні бар мәдени құндылық ретінде сақтауға тырысатынын білдік», - деп атап өтті дөңгелек үстел спикерлері. – Әлеуметтік-моральдық идеалдар мен қоғамдық мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда газеттердің рөлі өте маңызды.

2

Өкінішке қазір, бүгінде полиграфия саласы жойылу алдында тұр. Қарағанды облысында қағазға басылып шығатын газет санаулы ғана.

«Егер жағдайды дәл қазір өзгертпесек, алдағы бірнеше жылда олардан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан кеш болмай тұрып, басылымдарды сақтап қалу үшін жұртшылық пен мемлекеттік органдардың бірлескен күші қажет», - деп атап өтті белсенділер.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy