Қазақстан Халық партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, Астана қалалық филиалының басшысы Нұрдәулет Оразханов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Бұл сапар «Халық аманаты» жобасы аясында өтті.
Сапар барысында Нұрдәулет Оразханов Түркістан қаласындағы Ынтымақ үйінде ҚХП-ның Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған «Қоғамдық ұйым – қоғам үні» атты кездесуге қатысты. Жиынға сондай-ақ азаматтық белсенділер мен Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері де қатысты. Кездесу барысында олар ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік мәртебесі мен оны растайтын құжаттар жөнінде бірқатар маңызды сұрақ қойып, тиісті жауаптар алды.
Сонымен қатар, партия Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде спорттық іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, ҚХП-ның бастамасымен волейболдан турнир өтті, оған 6 команда қатысты. Бұл жарыс Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
– Іс-шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу және халқымыздың тарихи ерлігін болашақ ұрпақтың жадында сақтау, – деп атап өтті партия өкілдері.