Халық аманаты: ҚХП өкілдері өңірлерде бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Халық партиясы «Халық аманаты» жобасын бастады. Бұл акция аясында ҚХП мүшелері, партия филиалдары мен өкілдік органдарда жұмыс істейтін белсенділер халық бастамаларын ілгерілетіп, өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуді мақсат етіп отыр.

ҚХП Абай облыстық филиалының төрағасы Айдын Егеубаев пен Абай облыстық мәслихат депутаты Мейірлі Кеңеспек Курчатов қаласының әкімдік қызметкерлерімен, мекеме басшыларымен және тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу «Шағын қалалардың болашағы: даму жолдары және мәселелерді шешу» тақырыбы аясында өтті.

1

4

Партияның Қостанай облыстық филиалының өкілдері Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенкомен кездесу өткізді. Жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды.

– Мемлекеттік мекеме өкілдерімен кездесу барысында көптеген жаңа бағдарламалар туралы ақпарат алдық. Сондай-ақ, кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысып, қала тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік, - деп нақтылады партиялықтар.

Түркістан облыстық филиалы моноқалаларды дамыту бойынша партиялық бақылау аясында Кентау қаласына барды. Алдымен ҚХП өкілдері Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболовамен кездесіп, оның қоғамдық қабылдау бөлмесінде болды. Мұнда олар қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, әлеуметтік нысандарымен және кәсіпорындарымен танысты.

Кейін партия мүшелері «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-на барып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді, сондай-ақ қала тұрғындарымен сұхбат жүргізді.

3


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy