Қазақстан Халық партиясы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, партия мүшесі Әбдіғали Қаймолдинді туған күнімен құттықтады. Ардагер 102 жасқа толды.
ҚХП Абай облыстық филиалының басшысы Айдын Егеубаев орынбасары Ерлан Кеңесбаев және Семей қаласы мәслихатының депутаты Ердос Ілиясовпен бірге мерейтой иесіне барып, партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың естелік сыйлығы мен алғыс хатын табыстады.
«...Сіз келер ұрпақтың бақытты ғұмыры, тәуелсіздіктің берік тұғыры жолында ұрыс алаңында ерен ерлік көрсеттіңіз, – деп жазылған құттықтау хатта. – Қазақстан Халық партиясы социализм мұратына адалдық танытып келе жатқан өзіңіздей партиялас азаматты мақтан тұтады! Мерейлі күніңізде деніңізге саулық, отбасыңыз бен ұрпағыңызға амандық тілеймін!»