Халық партиясы Абай облысында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтады

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы «Семей орманы» табиғи резерватының аумағындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Бейбіт уақытта қызмет барысында адамдардың қайтыс болуы қайғылы әрі өкінішті жағдай. Біз қара жамылып отырған отбасылардың қайғысына ортақпыз.

12 маусым елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Сын сағатқа дейін бақытсыздықтың алдын алу мүмкін еді. Қайғылы оқиғаға тек табиғи жағдай ғана емес, шенеуніктердің немкеттілігі мен немқұрайлығы себеп болды. Мұны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтті.

Қазақстан Халық партиясы Үкіметте өртке қарсы және құтқару қызметін, сондай-ақ орман шаруашылығын жарақтандыру мәселесін бірнеше рет көтерді. Біз тау бөктеріндегі, орман және далалық жерлердегі өртке қарсы бекеттердің санын ұлғайтуды және нығайтуды, сондай-ақ ТЖМ автопаркі мен арнайы техника паркін жаңартуды ұсындық. Өкінішке қарай біздің сөзіміз тыңдалмады.

Барлығымыз болған жағдайдан сабақ алып, қорытынды шығарып, қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін тиісті шара қабылдауымыз керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy