Халық партиясы Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

Қазақстан Халық партиясы орман өртінен зардап шеккен Абай облысы ауылдарының тұрғындарына қолдау көрсетті.

Өткен жексенбіде ҚХП Абай облыстық филиалының төрағасы Айдын Егеубаев партия белсендісі Нұржан Қасымовпен бірге қайғылы оқиға орын алған Бородулиха ауданына барып, мәселенің мән-жайына қанықты.

Дүйсенбі күні филиал төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев Семей қаласының қоғамдық кеңесімен бірлесіп, апат аймағынан эвакуацияланған жергілікті тұрғындарға азық-түлік жеткізді.

ҚХП Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері өрттен зардап шеккен отандастарына бір күндік жалақыларын аударды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy