Халық партиясы төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин мен партияның парламенттік фракциясының депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен бірлескен жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шара осы екі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайындықтың бір бөлігі болды.
Ассамблеяның жақында өткен сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ға саяси партиялармен қарым-қатынасты нығайтуды тапсырды. Айта кету керек, ҚХП-ның саяси бағдарламасы Ассамблеяның ұстанымымен үндеседі. Ассамблея көпмәдениеттілікпен қатар интермәдениеттілікті ілгерілетеді, ал интернационализм партияның социалистік платформасының негіздерінің бірі болып табылады.
ҚХА өкілдері Наиль Сайфуллиннің Қазақстанда біртұтас саяси ұлт қалыптастыру туралы идеясына қолдау білдірді. Тараптар өзара ынтымақтастықты тереңдету, тарих, мәдениет және ағарту салаларында ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Мақсатқа жету үшін қос ұйымның бірінші басшылары ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев пен ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов меморандумға қол қоятын болады.
– Біз бірлескен жұмысымызды сапалы әрі жаңа деңгейге көтере отырып жалғастырамыз, – деп түсіндірді ҚХП парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Депутаттық қызмет аясында біз бұрын Ассамблеядағы әріптестермен тығыз жұмыс істедік. Ынтымақтастығымыз тереңдей береді.
Мәжілісмен ҚХА Қазақстан халқының бірлігін сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.