Қазақстан Халық партиясы Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімімен бірлесіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырды. Жарыс өткен мемлекеттік қызметшілер күніне және алда өтетін Астана күніне орайластырылды.
Турнирге қатысушылар 18 жастан 29 жасқа, 30 жастан 45 жасқа дейінгі, сонымен қатар 45 жастан жоғары жас санаты бойынша бақ сынасты.
– Халық партиясы саламатты өмір салтын қолдайды, – деп атап өтті ҚХП Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, мемлекеттік қызметшілер кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Анжела Горностаева. – Мұндай іс-шаралар денсаулықты нығайтуға, саламатты өмір салтын насихаттауға және мықты спортшыларды анықтауға бағытталады.
Турнир қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге партия атынан естелік сыйлықтар, кубоктар, медальдар мен грамоталар табыс етілді.