Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы жаңа саяси маусымға дайындалып жатыр.
1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Парламенттің II сессиясы ашылады.
«Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов атап өткендей, фракция алдағы қызметіне қызу дайындық үстінде. Бүгінге дейін алдағы сессияның бірінші жартысына арналған іс-шаралар жоспары жасалған.
Таяуда мәжілісмен «Еуразия» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол өңірлердегі жұмыс сапарында сайлаушылармен талқылаған өзекті мәселелерді ортаға салды.
– Біз сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырып, берген уәдемізді орындап жатырмыз. Бірқатар бастаманы жүзеге асырдық, алда атқаратын қыруар шаруа бар, – деді М. Магеррамов.
Мәжілісмен азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын және өтініштерін тілге тиек етті. (ҚХП фракциясы олардың бір бөлігін осыған дейін өткен жиналыстарда талқылады.) Депутат алимент төлеуден жалтару, түрлі салалардағы инфрақұрылымның тапшылығы, МӘМС аясындағы медициналық көмектің сапасыздығы, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының жеткіліксіздігі мезгіл мәселесі болып тұрғанын баяндады.
М.Магеррамовтың айтуынша, ауыл тұрғындары сапасыз интернетпен, ауыз су мәселесімен, мардымсыз жалақымен және жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп отыр.