Халық партиясының депутаты Нью-Йоркте өтетін конференцияға қатысады

dep.jpg Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейітжан Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі Конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының 16-сессиясына делегат болады.

Ол БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын орындауға байланысты мәселелерді талқылауға сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Гертруда Офорива-Фефоаммен ресми кездесуіне қатысады. Бұған қоса конференция аясында өткізілетін дөңгелек үстелде Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін цифрлық технологиялардың қолжетімділігі туралы баяндама жасайды.

– 10 жыл бұрын мен АҚШ-қа білім алуға бардым, – дейді Кенжеғұл Сейітжан. – АҚШ-қа не үйренгенімді және Отанымда қандай жұмыс атқарғанымды көрсетуге барамын.

ҚХП депутаты өзінің депутаттық сауалдарында Қазақстандағы цифрлық технологияларды дамыту және оны ерекше қажеттілігі бар адамдарға бейімдеу туралы бастама жасап жүр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy