Халықаралық тәжірибе

dep.jpg

Мемлекет «Астана» халықаралық қаржы орталығын өз бюджетінен әлі қанша уақыт қаржыландыра бермек? Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан халықтық партиясының депутаты Ирина Смирнова білуді жөн көрді.

Мәжілісмен бұл қаржы орталығының жұмыс істеп тұрғанына 6 жыл болғанын және осынша уақыт бойы оның инфрақұрылымын қалыптастырудан бастап, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге дейінгі шығындарын Қазақстан қазынасы көтергенін еске салды.

«АХҚО Қазақстан үшін стратегиялық жоба болғандықтан, мемлекеттік қаржыландыру бастапқы кезеңде қажет болды. Алайда, көріп отырғанымыздай, орталықты республикалық бюджет есебінен қаржыландыру алдағы үш жылда да жалғаса бермек», - деді депутат.

Айта кету керек, орталықты қаржыландыруға қомақты сома жұмсалмақ. Оның мөлшері шамамен 21 миллиард 700 миллион теңге болады деп жоспарланып отыр.

– Айтыңызшы, АХҚО неліктен әлі күнге бюжеттен қаржыландырылады? Орталық ендігі тұрақты табыс тауып, өз шығындарын ақтайтындай болуы керек емес пе еді? – деп сұрады ҚХП депутаты.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Ол біресе бюджет сомасы жалақы қорын ғана қамтитыны айтса, тағы бір сөзінде АХҚО бұл қаражатты өзі таба алмайтынын айтты.

«Бұл – халықаралық тәжірибе», - деді ол ақыр соңында.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy