Халық игілігі үшін атқарылған еңбек

Қазақстан Халық партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы айтулы күнге орай еліміздің өңірлерінде «Халықпен бірге 20 жыл!» акциясы басталды. Оның аясында партияның облыстық және қалалық филиалдарында салтанатты іс-шаралар мен конференциялар өткізу жоспарланған.

ҚХП-ның 20 жылдағы жұмыс қорытындысын Атырау облысындағы есептік жиналыста жергілікті партия мүшелері қорытындылады. Мерейтой иелерін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин құттықтады. Ол ҚХП-ға мінсіз еңбегі үшін және үнемі мемлекеттік билік пен халықтың арасында алтын көпір орната білгені үшін алғыс айтты. Жиналысқа «АMANAT», «Байтақ» және ЖСДП сияқты басқа да саяси партиялардың өкілдері қатысты. ҚХП Атырау облыстық филиалының төрайымы Балжан Досмұхамбетоваға Алғыс хат табыс етілді.

1

2

– Қазақстан Халық партиясы ел игілігі үшін көп нәрсе жасады, - деп атап өтті жиналысқа қатысушылар. - Оның жұмысы әрдайым халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

3

ҚХП Қостанай облыстық филиалы да мерейтойға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Оған мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, ЖШС өкілдері, филиал белсенділері мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Партия ардагерлері Алпысбай Әлімбаев, Дмитрий Легкий, Владимир Скуридин және басқалары құттықтау сөздерін айтты. Филиал төрайымы Ольга Березуцкая барлық қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, белсенділерді Алғыс хаттармен марапаттады. Осы жерде партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді тапсыру рәсімі өтті.

4

5

ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы өткізген жиынға мәслихат депутаттары, азаматтық белсенділер, саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Партия филиалының төрағасы Әбдірашит Нияз қатысушыларға ҚХП-ның әлеуметтік бағдарды ту еткен әділетті қоғам құру жөніндегі идеялары мен осы салада қандай нәтижелерге қол жеткізгені туралы әңгімелеп берді. Іс-шара соңы Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсыруға жалғасып, ең соңында ҚХП қатарына жаңа мүшелерді қабылдаумен аяқталды.

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy