Халық таңдауды өзі жасайды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы аясында Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаттары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өңірлерге аттанды. Мәжілісмендер сайлаушыларға алдағы референдум туралы ақпарат беріп, еліміздің атом өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар шаралар өткізеді.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова Алматы қалалық партия филиалының өкілдерімен бірге «ЛЦИ-МК» темір-бетон бұйымдары мен көпір конструкциялары зауытының ұжымынв түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Мұндай кездесулер азаматтардың барынша түсінікті ақпарат алып, елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларына қатысты шешім қабылдау процесіне деген сенімін нығайтуға септігін тигізеді. Сондықтан халықпен тікелей диалог орнату өте маңызды, – деді ол.

1

Шара барысында АЭС құрылысының негізгі аспектілері мен мақсаты, оның еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы және отандық өнеркәсіптің келешегі туралы айтылды. Жобаны жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік пен техникалық стандарттар қатаң сақталатынына да ерекше назар аударылды.

Зауыт жұмысшылары өз кезегінде талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

– Барлық ұсыныс пен ескерту жобаны әрі қарайғы талқылау кезеңдеріеде ескерілетін болады, - деп атап өтті Ирина Смирнова.

2

Сондай-ақ, Алматыда Мәжілістегі ҚХП фракциясының депутаты қала мұғалімдерімен, кәсіпкерлермен және құрылысшылармен кездесті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy