Халықтан - Парламентке

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова мен Гаухар Танашева Алматыға жұмыс сапарын жалғастыруда. Тұрғындармен кездесу барысында мәжілісмендер еңбек ұжымдарын, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда.

Осындай шаралардың бірі «Мейірім» балалар орталығында өтті. Депутаттар орталықтың жұмыс барысымен танысып, қамқоршылық және білім басқармасының жергілікті шенеуніктерімен, сондай-ақ мәслихат депутаттары және прокуратура өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында бала асырап алу, заң жобаларына түзетулер енгізу және баланы қабылдайтын отбасыларға бақылау жасау мәселелері талқыланды. Көптеген ұсыныстар келіп түсті. Одан әрі талқылауды парламенттік жұмыс тобы шеңберінде жалғастыру туралы шешім қабылданды.

6

«Белсенді ана» қорының жетекшісі Альфия Джамбутаеваның бастамасымен депутаттар Алматыдағы көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Олар тұрғын үйге қолжетімділік, жәрдемақы мөлшерін арттыру, Алименттік қор құру және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

7

Жұмыс сапары барысында мәжілісмендер Медеу ауданының жол инфрақұрылымын бағалауға мүмкіндік алды. Депутаттар гранит жиектемелердің неғұрлым арзан және төзімсіз цемент жиектемелерге ауыстырылғанына наразылық танытты. Сонымен қатар, жол жабынының жағдайы да көңіл көншітпейді.

1

– Алматы қаласында көптеген жолдардың жөндеуді емес, ең болмағанда асфальттауды қажет ететініне қарамастан осындай шығындарға қаржы бөлінген! Жоғары аудиторлық палатаға кезекті бордюрларға жергілікті бюджет шығындарының тиімділігін тексеру қажет, - деді Ирина Смирнова.

Ал Алматы қаласының Міндетті медициналық сақтандыру қорындағы іс-шараның басты тақырыбы қант диабетімен ауыратын азаматтарға көмек көрсету болды. (ҚХП осыған қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын) Оған Қор филиалының басшысы Ілияс Мұхамеджан, эндокринолог дәрігерлер және ҚР Диабет қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін қамтитын қарар құру туралы шешім қабылданды, оның негізінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жағдайды жақсарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленетін болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy