Халықтық штаб өкілдері АЭС құрылысы бойынша бірнеше кездесу өткізді

Қазақстан Халық партиясының белсендісі, Павлодар облысындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілі, энергетика саласының экс-маманы, Железин аудандық мәслихатының депутаты Евгений Миронов аудан тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Штаб өкілдері «Агростатус» ЖШС еңбек ұжымымен және Береговое ауылының тұрғындарымен жүздесіп, алдағы референдумға қатысты өзекті тақырыптарды және еліміздегі алғашқы АЭС салу жоспарын талқылады. Сапардың басты мақсаты ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін алдағы референдумның маңызымен таныстыру болды.

1

– Еліміздегі энергетика саласының болашағы біздің шешімімізге байланысты, - деп атап өтті Миронов.

3

Ұйымдастырушылар АЭС құрылысының негізгі артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, экологиялық таза және тұрақты энергия көздері елдің дамуы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Бұған дейін инженер-энергетик болып жұмыс істеген депутат Миронов республиканы энергиямен қамтамасыз ету тақырыбы бойынша сараптамалық пікірін айтты.

«Агростатус» ЖШС ұжымымен кездесу барысында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен атом энергетикасының әлеуетіне қатысты мәселелер талқыланды. Жұмыс тобы АЭС құрылысы Қазақстанның көміртегі энергия көздеріне тәуелділігі мен парникті газдар шығарындысын азайтуға ықпал ететінін түсіндірді. Ал бұл өз кезегінде жасыл экономикаға көшудің жаһандық үрдісіне сәйкес келеді. Осындай кездесу Береговое ауылының тұрғындарымен жергілікті мәдениет үйінде өтті.

4

Сонымен қатар агитаторлар, «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарының үйлерін аралады. Бұл азаматтармен тікелей сөйлесіп, олардың сұрақтарына жеке жауап беруге және АЭС қауіпі жайлы қорқынышты сейілтуге мүмкіндік берді.

5

– Акция барысында референдумның маңызды аспектілері және әрбір азаматтың дауыс беруге қатысу арқылы ел болашағын қалыптастырудағы рөлі талқыланды, - деді ұйымдастырушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy