Халықпен байланыс орнату маңызды!

Шет аудандық мәслихатының депутаттығына ҚХП атынан кандидат Аман Адамбаев Мойынты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол көпшілікке өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жергілікті сайлаушылар үшін бұл кандидат бөтен емес.

«Мен жергілікті тұрғын ретінде ауыл тұрғындары мен ауыл кәсіпкерлері алаңдататын барлық мәселелерді білемін», - деді ол өз сөзінде.

2

Адамбаев сайлауға түскен округтердегі халық саны 3486 адам болса, оның 2026-сы сайлаушылар. Өз кандидатын қолдау үшін ауылға ҚХП Қарағанды облыстық филиалының өкілдері де келді. Олар партия мүшелерінің теміржол мамандарымен және депо жұмысшыларымен өткен үгіт-насихат кездесуіне де қатысты.

3

– Әріптесімізге сәттілік тілейміз! – деп қолдау білдірді партия мүшелері.

4

Мәслихат депутаты Жанболат Серіковтың Үштөбе ауылында (Бұқар Жырау ауданы) сайлаушылармен есеп беру кездесуі бүгінде ҚХП-ның мәслихат депутаттарының қалай жұмыс істеп жатқанын айқындайды. Оған әйелдер қанатының басшылығымен бірге партияның Қарағанды филиалының төрағасы Қалел Мақсұтов та қатысты. Ауылда барлығы 3282 тұрғын тұрады. Жиында Жанболат Серіков 2024 жылға атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Барлығы 11 өтініш түсіп, оның 7-уі оң шешімін тапты, 4-уі орындалуда.

1

Баяндамадан кейін ауыл тұрғындары ауылда газдың жоқтығы, көмір бағасының қымбаттығы, жарықтандырудағы үзіліс, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі төңірегінде бірқатар мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, ауылға жаңа мектеп қажет (қазір салынып жатыр, бірақ құрылыс баяу жүріп жатыр). Ескі мектепте 700-ден астам бала оқиды, оның ғимараты 1969 жылы салынған және жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген.

1

«Үштөбе кентінде өткен жиында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешуді қажет ететін газдандыру мәселелері көтерілді. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы диалогты сақтау үшін мұндай есеп беру кездесулері өте маңызды», - деп атап партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy