Аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны жалғасуда. Аталған саяси науқанға Қазақстан Халық партиясынан да кандидаттар қатысып жатыр. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы 9-шы сайлау округі бойынша сайлауға түскен Руслан Асаубаев.
ҚХП кандидатының сенімді өкілдері ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсенділерімен бірлесе отырып, сайлаушылармен, атап айтқанда, ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырды. Олар Рощинский ауылдық округінің Белое ауылының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ Вишневка және Ольшанка ауылдарында да бірқатар іс-шара өткізілді.
«Сайлау науқаны аясында филиалдың жастар қанатымен бірлесе отырып, «Есіктен есікке» технологиясы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Осылайша біз Якор ауылының тұрғындарын кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық», - деп атап өтті партиялықтар.
Аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауы 2024 жылдың 8 желтоқсанында өтеді.