Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске сайланған депутат Ирина Смирнова партия филиалдары басшыларының және өңірлік мәслихат депутаттарының қатысуымен жиналыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халық пен партия арасында кері байланыс орнату. Өңірлердегі өкілдер облыстар мен аудандарда қордаланып қалған өзекті мәселелерді алға тартты.
ҚХП Қарағанды облыстық филиалының басшысы Қалел Мақсұтов қалалық және аудандық білім бөлімдерін облыстық ведомствоға беру дұрыс емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бөлімдерді әкімдіктерге қайтару қажет.
– Бұл жұмыс істемейтін тиімсіз тәсіл, – деді И. Смирнова. – Барлығын бұрынғы қалпына қайтару қажет. Біз Оқу-ағарту министрлігінің өкілдерімен кездескенде ұсынысымызды жариялаймыз.
Кеңеске қатысушылар мектептерде оқу-өндірістік комбинаттар жүйесін (ҚІЖК) жаңғырту мен мектеп асханаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін тендер шартының мерзімін ұзартуды ұсынды.
Ақмола облыстық филиалының өкілдері ҚР Қорғаныс министрлігі жетекшілік ететін «Әскери құрылыс» АҚ кәсіпкерлерге қыруар қаржы екенін мәлімдеді.
Басқа облыстардың өкілдері колледждерді қаржыландыру мәселелеріне, күрделі және ұзақ тендерлік рәсімдерге байланысты жол инфрақұрылымын салу мен жөндеудегі іркілістерге, халық пен мәслихат депутаттарының ұсынысы мен шағымын елемейтін жергілікті билікке шағымданды.
Кеңес қорытындысында ҚХП парламенттік фракциясы көтерілген мәселе негізінде депутаттық сауал әзірлеп, тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтын болды.