Қазақстан Халық партиясы еңбек адамдарына құрмет көрсетті

Республика күні қарсаңында Қазақстан Халық партиясы еліміздің өңірлерінде еңбек адамдарына алғыс білдіріп, мерекемен құттықтап жатыр. «Мәдени мұра: Еңбек ері – Республика мақтанышы!» атты партиялық бастама аясында партия өкілдері ел экономикасының дамуына айрықша үлес қосып жүрген еңбек ұжымдарына алғыс хат табыстауда.

Қызылорда облыстық филиалының өкілдері «Қызылорда-Нан» және «Ассоль» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

5

6

«Қызылорда-Нан» – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен іске асырылған өндірістік жоба. Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған және заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жыл сайын 2 520 тонна нан-тоқаш өнімдері, 1 008 тоннадан астам кондитерлік өнімдер, 2 500 тоннадан аса печенье және 1 152 тонна макарон өнімдері өндіріледі. Барлығы 235-тен астам отандық өнім түрі бар.

7

8

1

«Ассоль» ЖШС – йодталған ас тұзын өндіру бойынша еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Өндіріс екі зауытта жүзеге асырылады. Оның алғашқысы 2016 жылы іске қосылып, сағатына 3 тонна өнім шығарады. 2022 жылы екінші зауыт пайдалануға беріліп, қуаттылығы сағатына 10 тоннаға жетті. Кәсіпорынның өнімдері Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия және Балтық елдеріне экспортталады.

2

Ал Қостанай облыстық филиалы партия өкілдері «Қостанай Су» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті. Олар өңір тұрғындарының күнделікті өміріне аса қажетті қызметті қамтамасыз етіп отырған мамандарға ризашылық білдірді.

3

– Қиын ауа райы жағдайында да, әлеуметтік-экономикалық кез келген ахуалда да «Қостанай Су» қызметкерлері тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етіп, қаланың су жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Олардың өңірдің тұрақты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалау қажет, - деді партия өкілдері.

4

Кәсіпорын басшысына ұжымның тұрғындар өмір сапасын жақсартуға және коммуналдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан еңбегі үшін алғыс хат табысталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy