Қазақстан Халықтық партиясының Абай облысындағы филиалы 2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылға арналған жоспарларға арналған есеп беру жиынын өткізді.
Іс-шара барысында ҚХП филиалының төрағасы Айдын Қалдыбайұлы Егеубаев және оның орынбасары Ерлан Айтмұхаметұлы Кенесбаев бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Осы уақыт ішінде партияның Абай облыстыұ филиалы 138 іс-шара өткізді.
Халықпен үнемі байланыста болып, қордаланған мәселелерді шешу біздің партияның басымдықтарының бірі. Абай облысындағы 117 ауыл-аймақты аралап, барлығы 134 ауылдық округ, 327 ауылдарда жергілікті тұрғындармен кездесулер өтті. Нәтижесінде олардың көптеген мәселесі қаралып, назарға алынды және оң шешімін таптығ - деп атап өтті Егеубаев.
Өткен жылы филиал түрлі қоғамдық бірлестіктермен 5 меморандумға қол қойды және 4 бастауыш партия ұйымы ашылды. Партиялықтар халықпен белсенді жұмыс жүргізуде.
Облыстық және Семей қалалық мәслихат депутаттарымен әрқашанда тығыз байланыста.
ҚХП Абай облысы филиалының құрылғанына 1 жыл толуына орай қыркүйек айында 150 адамның қатысуымен «Халықтың жолы даңғыл, рухы асқақ!» атты конференция өткізілді. Конференцияда 2023 жылы 19 наурызда өткен сайлау кезінде сенімді өкіл, бақылаушы болған әріптестер, партия белсенділері марапатталды, жалпы филиалдың 1 жыл ішінде атқарған жұмысын қортындылап, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарлары таныстырылды.
Өңірдің өзекті мәселелері бойынша 8 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Есеп беру жиынында филиалдың үздік белсенділеріне ҚХП Төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың алғыс хатты табысталды.