ҚХП Алматы қалалық филиалы жылды қорытындылады

Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалы 2023 жылғы атқарған жұмыс қорытындылары мен алдағы 2024 жылға арналған міндеттерді пысықтауға арналған есеп беру жиынын өткізді.

Партия филиалы активінің, филиал Кеңесінің және шақырылғандардың алдында сөз сөйлеген филиал төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов өтіп бара жатқан 2023 жыл табысты болғанын атап өтті.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың қатысуымен өңірлік стандарттар жүйесі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу бойынша бірқатар дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, құрамында 13 адам - коммуналдық және көлік инфрақұрылымы, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім және мәдениет саласындағы сарапшылар бар Сараптамалық қоғамдастық құрылдыү Бұдан бөлек, филиалды сапалы күшейту шеңберінде кезектен тыс XXIII Конференция өткізілді, онда Кеңес мүшелерінің жаңа сандық құрамы және Конференция делегаттарының құрамы бекітілді. Тәртіптік комиссия туралы ереже қабылданды.

1

Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының қала құрылысы және аумақтарын орнықты дамыту саласында бірыңғай пайымды қамтамасыз ету және кешенді шешімдер қабылдау мақсатында партия филиалы «Біріккен Сәулет-қала құрылысы Форумын» ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты.

Сондай-ақ, партия филиалы барлық деңгейдегі мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау науқанына белсене қатысты. Нәтижесінде, партияның 3 мүшесі Алматы қаласы мәслихатының депутаттары болып сайланды. Нұрсұлтан Шоқанов өз сөзінде жаңа 2024 жылға да анықтміндеттерді айтып берді. Атап айтқанда, партия филиалы алдағы жаңа жылдан бастап қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамын 4 адамға дейін ұлғайту көзделген. Дәл қазір оның құрамында 3 адам. Сонымен бірге, қоғамдық кеңес жанындағы сарапшылар құрамын 15 адамға дейін кеңейту, қазіргі сәтте 9 адам.

Тағы бір мәселе, партиялық тізімге сәйкес мәслихат депутаттарын ротациялау. Қорыта келгенде партия активі филиалдың 2023 жылғы қызметіне жоғары баға беріп, 2024 жылы алға қойған міндеттерге қол жеткізе беретініне сенім білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy