ҚХП Алматы филиалының төрағасы «Құрмет» орденімен марапатталды

Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Республика күні қарсаңында бұл награданы шаһар әкімі Ерболат Досаев табыстады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті республиканың дамуына елеулі үлес қосқан елдің көрнекті азаматтарына мемлекеттік наградалар беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. «Құрмет» ордені экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбек үшін, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызмет үшін беріледі.

Айта кету керек, бұл орденмен партия төрағасының орынбасары, ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов марапатталған еді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy