ҚХП Қарағанды филиалы жыл қорытындысын шығарды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалы (ҚХП ҚОФ) жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады. С.Сейфуллин атындағы драма театрдың залында өткен арнайы жиналыс салтанатты есеп беруге ұласты. Іс-шараға партия басшылығы, ҚХП-нан сайланған Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары, сондай-ақ партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.

Белгілі болғандай, бір жылда көп жұмыс атқарылды. Осы уақыт ішінде Қарағанды облыстық филиалы 115 бастауыш партия ұйымын құрып, социалистік идеологияны қолдайтын қоғамдық және ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қоюға ұйытқы болды. Филиал өкілдері Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді қатысып, 35 кандидат ұсынды. Олардың 8-і саяси додада жеңіске жетіп, облыстық, қалалық және аудандық өкілетті органдардың құрамына кірді.

ҚХП ҚОФ ардагерлер кеңесі филиал активімен бірлесіп 6 іс-шара өткізді. Жастар қанаты да форумдарға белсенді қатысып, ағаш отырғызу және суару бойынша акциялар мен сенбіліктер ұйымдастырып, жұмыстың жандануына өз үлесін қосты. Сонымен қатар, филиал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кемшіліктерін, тарифтердің көтерілуін, энергия тиімділігінің төмендігін, жастар үшін тұрғын үй тапшылығын және т.б. өңірдің ең өзекті проблемаларын талқылау бойынша 7 алқалы жиын өткізуге бастамашы болды. Жыл бойына 12 қайырымдылық акциясын өткізген ҚОФ-ның қайырымдылық қызметін де атап өткен жөн.

– Жалпы алғанда, Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалының қызметі белсенді, табысты және жемісті болды, - деп түйіндеді жиналысқа қатысушылар.

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев та есепті мақұлдады. Ол ҚХП ҚОФ басшысы Қалел Мақсұтовқа жемісті атқарған жұмысы үшін жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта да абырой биігінен төмендемейтініне сенім білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy