Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Мұнда ол ҚХП-ның жергілікті облыстық филиалының басшылығымен және белсенділерімен кездесіп, олардың атқарған жұмыстары туралы жылдық есебін тыңдады. Сонымен қатар партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді табыстады.
Жиында сөз алған өңірлік филиал төрағасы Қалел Мақсұтов өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, металлургиялық кәсіпорындардың экологияға келтіретін зияны, жолдар сапасының нашар екені, әсіресе ауылды жерлердегі жолдардың сапасыздығы, шахталардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларының бұзылуы, сондай-ақ регрессивтілер мен мүгедектердің жәрдемақы мен медициналық көмек алу кезіндегі құқықтарының бұзылуы.
«Оң кейстер бар филиал жұмысындағы нәтижелілігі басым бағыт – қоғамдық қабылдау және депутаттардың азаматтарды қабылдауы. Біздің облыстық, қалалық мәслихаттар, Қоғамдық кеңестер өкілдері жергілікті атқарушы билік деңгейінде мәселелерді көтеріп жүр», - деп нақтылады Мақсұтов.
ҚХП Балқаш қалалық филиалында атқарылған жұмыстар жөнінде филиал басшысы Қуаныш Ермак айтып берді. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Жан Серікұлы ЖАО-мен жұмыс тәжірибесін бөліссе, ал Камила Бейсенова «Қарғылаш» бөбекжайының еңбек ұжымында құрылған ҚХП БПҰ қызметі туралы баяндады.
Баяндамаларды тыңдаған ҚХП төрағасы пікірлестерге жылы лебізін білдіріп, белсенді партия мүшелерін естелік белгілермен және алғыс хаттармен марапаттады.
«Биыл біз қоғам мен мемлекетті түбегейлі реформалауға бағытталған барлық тарихи оқиғалар мен саяси процестерге тек куә болып қана қоймай, оларға белсене қатыстық. Бәріміз бірге отырып бірден болмаса да, міндетті түрде табысқа жетеміз деп сенемін!», - деп атап өтті Е.Ертісбаев.
Жиын барысында ҚХП жаңа өкілдеріне партия билеттерін тапсыру рәсімі өтті. Кейін партия басшысы Қарағанды облысынан сайланған барлық деңгейдегі ҚХП мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.