ҚХП Қарағандының белсенді азаматтары мен дарынды балаларды марапаттады

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жергілікті белсенділерді Құрмет грамоталарымен марапаттап, алдағы Тәуелсіздік күніне орай Алғыс хаттар табыс етті.

Марапатталғандар тізіміне ҚХП саясатын қолдайтын дәрігерлер, депутаттар, ардагерлер және басқа да көптеген белсенді бастамашыл қарағандылықтар кірді.

1

"... Біз өз қатарымыздағы осындай белсенді мүдделестермен мақтанамыз, - деп атап өтілген Алғыс хаттарда. - Сіздердің қолдауыңызбен Қазақстан Халық партиясы қоғамдық және саяси майданда, тұтастай алғанда әлеуметтік-демократиялық идеологияны насихаттауда жаңа жеңістерге жететіні сөзсіз... "

2

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты балалар шығармашылық жұмыстарының қалалық байқауына қатысушыларға құрмет көрсетілді. Байқауды ҚХП Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырған. Байқау «Эссе» және «Сурет» номинациялары бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға Құрмет дипломдары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара музыкалық концертпен аяқталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy