ҚХП Астанада автошеру өткізді

Қазақстан Халық партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында Астанада автошеру өткізді.

Шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Автошеру барысында автокөліктерге ҚХП символикасы мен тулары ілінді.

– Қазақстан жыл сайын жол-көлік оқиғаларының салдарынан 2 мың азаматынан айырылады. Бұл өте үлкен шығын! Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жолдардың сапасыздығынан болады. Жол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Қазақстан Халық партиясы сапалы жол, заманауи инфрақұрылым қажет деп санайды, – деді партия мүшесі Самат Игембаев.

Шара шеңберінде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ партияның негізгі бастамалары мен мақсат-міндеттері туралы ақпарат беріліп, үгіт-насихат материалдары таратылды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy